"Cіздің рухани сапарыңызды жеңіл әрі берекелі етуге бар күшімізді саламыз."
Біздің ең басты мақсатымыз — адамдарды Қажылыққа аман-есен апарып келу. Біз әрбір сапарды өзіміздің жауапкершілігіміз деп қабылдаймыз.
Маруфжан Камалов
Niyet Hajj & Umrah, директоры
Niyet Hajj&Umrah та 30 - дан аса ең білікті гидтер жұмыс жасайды
Нұрсұлтан Рысмаганбет
"Ұмраға бару үшін кемел адам болу шарт емес. Ниетің таза болса, Алла жолыңды ашады."
Жарқын Мырзатай
"Рәсімдерден қателесем бе деп уайымдама. Құлшылықтың мәні – ықыласта."
Оспанов Арыстан
"Қасиетті сапар – сынақ емес, мүмкіндік. Жүрекпен сезінсең, бәрі жеңілдейді."
Маджанов Халиолла
"Әр қадам – дұға. Аллаға жақындауға деген талпынысыңның өзі қабыл."
Садық Талғат
"Қасиетті жерлер – тарих пен тағылымның мекені. Оны бірге сезінеміз."
Алтай Алдияр
"Алғаш рет келсеңіз де, әр қадамыңызда қасыңызда боламыз."
Сейділдә Бағлан
"Ұмра рәсімдерінің бәрін бірге үйреніп, бірге орындаймыз."
Ұмрадан естеліктер
“Өте ұнады рахмет айналайын бақытты болыңдар, ана гид баланың атын ұмытып қалдым өте керемет түсіндіреді екен 5+деген баға қоямын одан жоғары болса ең жоғарғысы, кітап, сумка жилет бәрі өте керемет барлығы умрада өте қажет заттар екен .”
“Сіздің кампанияға тек жақсы пікір…бәрі дұрыс болды…әлі де талай жылдарға еңбектеріңізге жеміс тілеймін ☺️😍”
“Мекке, Мәдинадағы гостиница тамақтары да өте жақсы дәрежеде, Мәдиналағы гостиница мешітке өте жақын екен керемет жарайсыңдар, осылай халыққа қызмет жасай беріңіздер, өте ризамын ”
Алла бұйырып, Ниет компаниссымен барып келдік. Өте жақсы болды, ойдағыдай шықты. Жарқын ұстазға рақмет! Сіздерге рақмет! Өзімізбен барған қажыларға рақмет! Бір үйдің басында, реншішсіз, құлшылық жасап елге оралдық.
Бір ай бұрын жолдасыммен Ният компаниясы арқылы Умраға барып келдік. Барлығы керемет ұйымдастырылды: білікті ұстаз, түсінікті жауаптар, ыңғайлы трансфер, қонақүй, тамақ, экскурсиялар, стильді жилеткалар мен Зәм-зам суы. Рухани демалып қайттық. Алла разы болсын!
Біз аман-есен барып, парызымыды, сүннет құлшылықтарымызды орындап қайттық. Алла разы болсын! Енді үйге жол тарттық. Алла қаласа үлкен Қажылыққа барармыз! Гид, Алдияр ұстаз бен Меруерт жақсы қызмет жасады. Алла разы болсын!
Біз Ұмра/Қажылық бойынша барлық қызметтерді атқарамыз
Ұмра – Арапа күнінің таңынан Құрбан айттың төртінші күні кешке дейінгі бес күннен басқа, қажылық айларында да, қажылық айларынан басқа күндері де, бүкіл жыл бойы кезкелген уақытта орындалатын ғибадат.
Иә, балаларды Умраға апаруға болады. Бірақ, мүмкіндігінше одан бас тартуды ұсынамыз. Умра-бұл демалыс емес, ғибадат. Ғибадат күш пен сабырлылықты талап етеді. Балалармен саяхаттау ересектер үшін де, балалар үшін де біршама ауыр болады.
Қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 ай бар, 10 немесе 5 жылдық қолданылу мерзімі бар шетелдік паспорт.
Сауд Арабиясының негізгі ақша бірлігі-Сауд риалы (SR). Бірнеше адамға жеке таксиге ақы төлеу, жемістер мен шырындар сатып алу және т. б. үшін әрқашан шағын валюталар мен монеталарды алып жүруге кеңес береміз.